Ресми
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары
- «Ана бақыты – бала бақыты», «Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым». Мерекелік бағдарламалар, көрмелер, сайыстар, 1-7 наурыз аралығында, қаланың мектептері және мектепке дейінгі білім беру мекемелері.
- Меншік түріне қарамастан қала кәсіпорындары мен мекемелерінде әйелдерді марапаттауды ұйымдастыру, 1-7 наурыз аралығында, қала кәсіпорындары мен мекемелері.
- 100 жасқа толған қария аналарды және ҰОС ардагерлерін, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аналарын үйлеріне барып құттықтау, 1-7 наурыз аралығында, тұрғылықты мекенжайлары бойынша.
- «Жұлдыздар құттықтайды». Акция, 1-6 наурыз аралығында, сағ.10.00, облыстық планетарий.
- «Ана деген тіршіліктің тірегі». Кітап көрмесі, 1-7 наурыз аралығында, сағ.11.00, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
- «Өмір сыйлаған Ана». Сурет көрмесі, 1-13 наурыз аралығында, сағ.11.00, қалалық оқушылар Сарайы.
- Жоғарғы оқу орындарының студент қыздары арасында волейболдан қала чемпионаты, 1 наурыз, сағ.15.00, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің спорт залы.
- «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға!». Кітап көрмесі, 2 наурыз, сағ.9.00, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
- «Сыйынар ем ана деген тәңірге». Мерекелік концерт, 2 наурыз, сағ.11.00, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі.
- «Негеш» қызығушылық клубының отырысы «Қуыршақтар әлемі». Танымдылық саяхат, 2 наурыз, сағ. 12.30, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
- «Мисс шляпа-2017». Байқау, 2 наурыз, сағ.15.00, «Алақай» қуыршақ театры.
- Жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында қысқы Президенттік көпсайыстан қала чемпионаты, 2-3 наурыз аралығында, сағ.15.00, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.
- «Ана туралы аңыздар». Әдеби вернисаж, кітап көрмелері, әдеби-музыкалық бағдарламалар, пікірлесу, кездесулер, виртуалды кітап көрмелері, мерекелік кештер, әдебиеттермен мерзімді басылымдар жинағына библиографиялық шолу, 2-7 наурыз аралығында, сағ.10.00, қала кітапханалары.
- «Қыз – әдебімен көрікті». Әдебиеттермен мерзімді басылымдар жинағына библиографиялық шолу, 3 наурыз, сағ.10.00, М.Ломоносов атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана.
- «Туризм арулары — 2017» Туризм техникасы бойынша қалалық жарыс, 3 наурыз, сағ. 10.00, қалалық жас туристер стансасы.
- «Көктемдегі гүл шоқтары». Сайыс, 3 наурыз, сағ.11.00, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі.
- «Арулар – асыл жандар». Мерекелік концерт, 3 наурыз, сағ. 11.00, №1 балалар музыка мектебі.
- «Әлемді шаттық пен сұлулыққа толтырған….». Балалар шығармашылығының көрмесі, 3 наурыз, сағ.11.00, балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі.
- «Әже өнегесі». Тарихи-танымдық шара, 3 наурыз, сағ.12.00, облыстық тарихи-өлкетану музейі.
- «Шаңырақ» отбасылық оқу клубының отырысында «Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу» атты кездесу, 3 наурыз, сағ.12.30, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
- «Ал, кәнеки, қыздар». Байқау, 3 наурыз, сағ.14.00, қалалық оқушылар Сарайы.
- «Рауан аруы». Байқау, 3 наурыз, сағ.14.00, «Рауан» колледжі.
- «Достық аруы». Байқау, 3 наурыз, сағ.15.00, Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғимараты.
- «Женщина. Мать. Руководитель». Мәдениет саласы қызметкерлерімен салтанатты кездесу кеші, 3 наурыз, сағ.15.00, Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музейі.
- «Жан жылуын, Ана сенен табар ем». Мерекелік концерт, 3 наурыз, сағ.15.00, №3 балалар музыка мектебі.
- «Нәзік жүректер нақышы». Кездесу кеші, 3 наурыз, сағ.15.00, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
- «Біз біргеміз». Мерекелік акция, 3 наурыз, сағ.15.00, «Атамекен» ойын-сауық орталығы.
- «Аяулы шебер аналар» атты шеберлік сағаты, 3 наурыз, сағ.15.30, «Ақ желкен» аула клубы.
- «Аналарға сыйлық». Шеберлік класс, 4 наурыз, сағ.9.00, қалалық жас натуралистер стансасы.
- «Алғыс айтамын». Концерт, 4 наурыз, сағ.11.00, №2 балалар музыка мектебі.
- «Души прекрасные порывы». Мерекелік концерт, 4 наурыз, сағ.12.00, №3 балалар музыка мектебі.
- «Аналарға тағзым». Мерекелік шара, 4 наурыз, сағ.14.00, Қазанғап атындағы өнер мектебі.
- «Көктем аруы!». Ауылдық округтердің мектеп оқушылары арасындағы байқау, 4 наурыз, сағ.15.00, «Геолог» мәдениет Үйі.
- Абай Бегейдің «Айжұлдыз» атты концерті (кіру билет бойынша), 4 наурыз, сағ.18.30, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
- «Ана — біздің күйіміз». Мерекелік шара, 5 наурыз, сағ.10.00, қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы.
- «Ең әдемі ару-2017». Сұлулық байқауы, 5 наурыз, сағ.10.00, Қалалық оқушылар Сарайы.
- Р.Рахимовтың «Қайдасың, анашым?» атты спектаклі, 5 наурыз, сағ.11.00, облыстық «Алақай» қуыршақ театры.
- 2004-2005, 2006-2007 ж.т. жасөспірімдер арасында дзю-додан ашық қала біріншілігі, 5 наурыз, сағ.11.00, «Динамо» СК.
- Аналарға арналған «Сіздер үшін, махабатпен!». Мерекелік концерт, 5 наурыз, сағ.12.30, қалалық оқушылар Сарайы.
- «Шатлық» татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің «Татар қызы» атты байқауы, 5 наурыз, сағ.14.00, Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғимараты.
- «Сол бір кездер анашым» Халықтық «Сұңқар» вокалды ансамблінің ретро кеші. 5 наурыз, сағ.15.00, қалалық Мәдениет Үйі.
- «Мереке күніңмен!». Мерекелік акция, 5, 6, 7 наурыз, сағ.17.00, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
- «Менің анам – алтын». Мерекелік концерттік бағдарлама. 6 наурыз, сағ.10.00, балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі.
- «Ана-өмір гүлі». Кездесу кеші, 6 наурыз, сағ.11.00, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі.
- «Аналарды ардақтау – асыл дәстүр». Кітап көрмесі, 6 наурыз, сағ.11.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
- «Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз!». Мерекелік шара, 6 наурыз, сағ.11.00, Облыстық планетарий.
- «Мерекеңмен, аяулы арулар». Мерекелік кеш, 6 наурыз, сағ. 11.00, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
- «Мисс АПК». Әсемдік және сұлулық байқауы, 6 наурыз, сағ.13.30, Ақтөбе политехникалық колледжі.
- «Ана деп ән салам». Колледж сағаты, 6 наурыз, сағ.14.00, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі.
- «Әйел – ана, әйел – жар». Сайыс, 6 наурыз, сағ.15.00, Қазанғап атындағы өнер мектебі.
- «Қазақ әйелі: кеше, бүгін, ертең». Студенттер арасында пікірсайыс, 6 наурыз, сағ. 15.00, облыстық «Руханият» музейі.
- «Аналарға алғыс». Мерекелік кеш, 6 наурыз, сағ. 15.00, Ақтөбе қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы.
- «Ардақты ана, Батыр ана, Ер ана». Мерекелік шара, 6 наурыз, сағ.15.00, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
- «Университет аруы – 2017». Байқау, 6 наурыз, сағ.17.00, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
- «Сіздер үшін». «Ақтөбе» вокалды ансамблі және эстрадалық үрлемелі оркестрінің мерекелік бағдарламасы, 6 наурыз, сағ.17.00, «Жастар» сарайы.
- Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы (қазақ труппасы) (кіру ақысыз), 6 наурыз, сағ.19.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
- «Аналарға арналады». Қалалық көркемсурет лицейінің «Радуга» топтары оқушыларының жұмыстарының көрмесі, 6-7 наурыз, сағ.10.00, қалалық көркемсурет лицейі.
- «Ана – өмірдің шуағы». Балалар жұмыстарының көрмесі, 7 наурыз, сағ.10.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
- «Көктем аруы – 2017». Байқау, 7 наурыз, сағ.10.00, қалалық жас натуралистер стансасы.
- «Анашым, мерекеңмен». Тәрбие сағаты, 7 наурыз, сағ.11.00, «Ақ желкен» аула клубы.
- «Көктем. Арулар. Гүлдер». Көрме байқауы, 7 наурыз, сағ.11.00, Облыстық өнер музейі.
- «Әлемді жүрегімен әлдилеген». Мерекелік концерттік бағдарлама, 7 наурыз, сағ.11.00, «Геолог» мәдениет Үйі.
- «Әйел әлемнің шуағы». Мерекелік концерт, 7 наурыз, сағ.12.00, №3 балалар музыка мектебі.
- «Ана өмірдің шуағы». Мерекелік концерт, 7 наурыз, сағ.13.00, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі.
- «Шуақ шашқан мереке». Мерекелік концерт, 7 наурыз, сағ.14.00, «Рауан» колледжі.
- «Шын жүрегіммен». Салтанатты мерекелік шара, 7 наурыз, сағ.15.00, Студенттер сарайы.
- «Әйел-ана — тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры». Мерекелік Кеш, 7 наурыз, сағ.15.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
- «Салт-дәстүрім-салтанатым». Жас аналар арасында мерекелік сайыс, 7 наурыз, сағ.15.00, Қурайлы мәдениет Үйі.
- «Анашым, дархан данасың». Мерекелік кеш, 7 наурыз, сағ.16.00, қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет Үйі.
- «Арулар – асыл жандар». Салтанатты жиын, 7 наурыз, сағ.16.00, Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарма.
- «О женщины, вам имя Совершенство». Мерекелік шара, 7 наурыз, сағ.17.30, Металлургтер мәдениет үйі.
- Ш.Бошбековтың «Темір қатын» комедиясы («Екі езу» сатира труппасы) (кіру ақысыз), 7 наурыз, сағ.19.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
- Жасөспірімдер арасында ГТФ таэквандодан қала біріншілігі, 7-8 наурыз, сағ.11.00, «Динамо» СК.
- «Шуақ шашқан мереке». Мерекелік бағдарлама (барлық аруларға ақысыз «Makeup» жасау, жанды әуен, аруларға суретшілердің ақысыз портреттер салуы, мұз айдынында мәнерлеп сырғанаушылардың өнерлері), 8 наурыз, сағ.10.00, «Мега Ақтөбе» ОСК.
- «Ана – өмір гүлі». Мерекелік концерт, 8 наурыз, сағ.11.00, Сазды қалалық мәдениет Үйі.
- «Хош келдің, Ару Көктем!». Мерекелік концерт, 8 наурыз, сағ.11.00, Қурайлы қалалық мәдениет Үйі.
- А.Слаповскийдің «Рождение» комедиясы (орыс труппасы) (кіру ақысыз), 8 наурыз, сағ.18.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
- Қыз балалар арасында үстел теннисінен ашық қала біріншілігі, 8-9 наурыз, сағ.11.00, «Ракетка» спорт залы.
- Әйелдер арасында еркін күрестен ашық қала біріншілігі, 8-9 наурыз, сағ.11.00, №4 ОБЖСМ.
- «Маленькая леди» 1-3-сынып оқушылары арасында байқау, 15 наурыз, сағ.15.00, «Геолог» мәдениет Үйі.
- Жоғары оқу орындарының студент қыздары арасында волейболдан қала чемпионаты, 15 наурыз, сағ.15.00, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің спорт залы.
- «Сырласайық жеңеше!». Ауылдық округ мекемелері арасындағы келіндер сайысы, 17 наурыз, сағ.15.00, «Геолог» мәдениет Үйі.